«Қосарланған билік» туралы әңгімені қашқын ұрылар шығарып жүр - Назарбаев

0
935

Президент Тоқаев менімен ақылдасады.


«Қосарланған билік» туралы әңгімені қашқын ұрылар шығарып жүр - Назарбаев

ERNUR.KZ. «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі «қосарланған билік» төңірегіндегі алып-қашпа өсекке соңғы нүкте қойды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мен мұның барлығын естіп, оқып отырмын. Бұл қулық әрекеттен шығып отыр. Өсекті Қазақстанда тұрақтылықты қаламайтын адамдар әдейі шығарып отыр. Осы жерде төбелестің, қосарланған биліктің болған қалайды. Біздің Отанын сатқан қашқын ұрылар, ана жақтан халықтың тыныш өмірін бұзу үшін осындай ақпараттарды таратып отыр. Мұның ешқандай негізі жоқ. Себебі Қазақстан басқарудың президенттік формасы бар унитарлы мемлекет саналады», - деді ҚР Тұңғыш Президенті.

Елбасының атап өтуінше, мұндай форма Франция, Ресей, АҚШ билігінде бар.

«Яғни, Қасым-Жомарт Тоқаевты бүкіл халық сайлаған. Ол - Президент. Маған қатысты айтар болсам, сіздерге ол да белгілі. Заңға сәйкес мен Қауіпсіздік кеңесінің төрағасымын. Бірақ, бұл алқалық орган, мен төрағамын. Ал ол жерде елдің барлық басшылары мүше болып саналады және біз қателік жібермеу үшін ұжым болып шешеміз. Менің де мәртебем конституциялық заңмен Елбасы деп айқындалған. Менің міндетім - ең алдымен Қауіпсіздік кеңесінің жұмысын қамтамасыз ету, «Nur Otan» партиясына, Қазақстан халқы Ассамблеясына басшылық жасау. Бұған қоса құрылуына өзім қатысқан көптеген халықаралық ұйымдар маған аталған органдардың құрметті төрағасы болуды ұсынды. Демек, жұмыс жетеді. Шақырып жатыр. Мен ол жаққа барамын. Өйткені, Қазақстанның мүддесін қорғап, Қазақстанға жаңа достар, инвесторлар табамын. Осы тұрғыда жұмыс істеліп жатыр. Әрине, Президент Тоқаев менімен ақылдасады. Маған жүгінген кезде өзімнің өмірлік мол тәжірибеммен ел үшін бөлісемін«, - деді Елбасы.