"Көше стиліне үйлеспейді": Өскемендегі "Қара жорға" мүсінін алып тастайтын болды

0
763

Композиция қойылған көшеде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


ERNUR.KZ. Өскемендегі Назарбаев даңғылы мен Мостовой көшесінің қиылысында тұрған "Қара жорға" композциясын алып тастайтын болды, деп жазады zakon.kz.

"Қара жорға" атты шағын сәулет формасын алып тастау керек. Өйткені даңғыл жөнделіп жатыр. Ал бұл мүсін даңғылдың ендігі стиліне үйлеспейді, – дейді шаһар басшысы Жақсылық Омар.

Айта кетейік, бұл ауданда скверді абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр.