Көшеде жүрген балалардың ата-анасына айыппұл салынбайды

0
935

ҚР БҒМ баспасөз қызметі бұл ақпаратты фейк деп, жоққа шығарды.


Көшеде жүрген балалардың ата-анасына айыппұл салынбайды

Әлеуметтік желілерде және WhatsApp мессенджерде оқушылардың мектепке немесе дүкендерге келгенін анықтау мақсатында рейд жүргізілетіні және анықталған жағдайда ата- аналарға айыппұл салынатыны туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта мектеп оқушылары көктемгі каникулда, педагогтер қашықтықтан жұмыс істеуде, мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдары жабылды. Балаларды жекеменшік дамыту орталықтарына жіберуге қатысты шешімді ата-анасы немесе заңды өкілдері қабылдайды, - делінген хабарламада.
Қосымша сұрақтар бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігінің Сall-орталығына +7 (7172) 74-24-11 телефон нөмірі арқылы немесе облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың Білім басқармаларына хабарласуға болады.
Естеріңізге салайық, жалған ақпарат таратушыларды жауапкершілікке тарту заңда қарастырылған.