​Қостанай ауданында судан азаппен өлтірілген әйелдің мәйіті табылды

0
1 520

Әйел үстіне қара күртеше және сұр футболка, аяғына тоқылған қара шұлық, сұр лосина киген.


​Қостанай ауданында судан азаппен өлтірілген әйелдің мәйіті табылды

ERNUR.KZ.Қостанай облысының Қостанай ауданы Мичурин ауылында судан азаппен өлтірілген әйелдің мәйіті табылды, деп жазады alau.kz.

«6 тамыз күні Қостанай облысының Мичурин ауылында сағат 11.40 шамасында ыдыстағы судан әйелдің мәйіті табылды. Қазіргі уақытта марқұмның кім екені және осы қылмыстық іске қатысы бар күдікті анықталуда. Қостанай облысының тұрғындарынан егер осы әйелге ұқсас жоғалып кеткен туыстары болса, полиция бөлімшесіне дереу хабарласуын сұраймыз», – деді Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әйел үстіне қара күртеше және сұр футболка, аяғына тоқылған қара шұлық, сұр лосина киген.

Дереккөз: sn.kz.