Қостанай облысында 11 адам тамақтан уланып қалды

0
500

Мамандар мектеп асханасын тексеріп, азық-түлік, ауызсу, шайынды су сынамаларын зертханалық сараптамаға жіберді.


Қостанай облысында 11 адам тамақтан уланып қалды

ERNUR.KZ. Қостанай облысының Тимофеев ауылындағы мектеп-интернатта бірнеше адам тамақтан уланып қалды. Оның жетеуі – алты жасқа дейінгі бүлдіршін, төртеуі – шағын орталықтың қызметкері, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Олардың барлығына «асқынған асқазан-ішек жолдарының қабынуы» деген диагноз қойылды. Тексеріс барысында науқастардың тамақтан уланғандығы анықталған. Зертханалық сараптама да сальмонелла диагнозын растады. Қазір олар Әулиекөл аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде ем алып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы тұрақты.

«Мамандар мектеп асханасын тексеріп, азық-түлік, ауызсу, шайынды су сынамаларын зертханалық сараптамаға жіберді. Тимофеев ауылындағы мектеп шағын. Сондықтан сабақ дәстүрлі оқу жүйесімен өткізіледі. Балалар дүйсенбіден жұмаға дейін интернатта жатып оқиды. Сонда тамақтанады. Ал шағын орталықта 14 бүлдіршін тәрбиеленеді. Оның жетеуі уланып қалған. Қалғаны аман-сау», - дейді Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Сәуле Нұрпейісова.