Қостанай облысында 65 жастағы зейнеткер суға батып кетті

0
671

1 мамырдан бері Қостанай облысына 14 адам суға кеткен.


Қостанай облысында 65 жастағы зейнеткер суға батып кетті

ERNUR.KZ. Қостанай облысында 65 жастағы зейнеткер суға батып кетті, деп жазады Azattyq Ruhy.

«Наш Костанай» басылымының жазуынша, Бейімбет Майлин атындағы ауданда жыл басынан бері бесінші адам суға батып кеткен.

Қайғылы оқиға 14 шілдеде Береговое ауылының маңында болған.

«Б.Майлин ауданында сағат 12:30-да куәгерлердің Тобыл өзенінде тыйым салынған аумақта суға батып кеткен 1957 жылғы ер адамның мәйітін алып шыққаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына ТЖ қызметкерлері жетті. Кейін марқұмның жергілікті кәсіпорындардың бірінде вахташы болып жұмыс істегені анықталды», - делінген Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарламасында.

1 мамырдан бері Қостанай облысына 14 адам суға кеткен, оның 3-і – балалар.

Ең көп суға батқандар Б.Майлин ауданында тіркеліп отыр – 5. Рудный қаласында өзенге 3 адам, Қостанай ауданында 2 адам батып кеткен.