Қостанай облысында бомба жайлы хаттан кейін ауруханадан 240 адам эвакуацияланды

0
827

Қауіпсіз жерге емхана қызметкерлерімен қатар, жансақтау бөліміндегі науқастар да шығарылған.


Қостанай облысында бомба жайлы хаттан кейін ауруханадан 240 адам эвакуацияланды

ERNUR.KZ. Қостанай облысындағы Жітіқара қаласында бомба туралы хабарламадан кейін ауруханадан 240 адам эвакуацияланды. Жарылғыш туралы хабарлама мекеменің электронды поштасына келіп түскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға орнында арнайы қызметтің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Әзірге жарылғыш құрылғылар табылмаған.

Басылымның жазуынша, хабарламаны балалар жіберуі мүмкін. Себебі, хат түсініксіз әрі сауатсыз түрде жазылған. Немесе бұл қандай да бір таратылған хабарламаның түрі.