Қостанай облысында өрттен екі адам қаза тапты

0
601

Үйдің шатыры құлап, толықтай өртеніп кеткен.


Қостанай облысында өрттен екі адам қаза тапты

ERNUR.KZ. 6 қаңтарда 01:40 шамасында Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы Веренка ауылында жекеменшік тұрғын үй өртенді, деп жазады Тengrinews.kz.

Үйдің шатыры құлап, толықтай өртеніп кеткен. Оқиға орнында өрт сөндіру жұмыстары және зардап шеккендерді іздестіру жұмыстары жүргізілді. Өрт 03:32-де ауыздықталып, 07:03-те толығымен сөндірілді.

"Қарабалық ауылындағы орталық аудандық ауруханасына мүмкіндігі шектеулі 1956 жылғы ер адам жеткізілген. Оның денесі 30-40 пайыз күйіп қалған, жағдайы ауыр", - дейді Қостанай облыстық ТЖД өкілдері.

Сондай-ақ, оқиға орнында екі адамның мәйіті табылды. Олардың кім екендері және өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.