Қостанай облысында тасжолда 8 көлік соқтығысып қалды

0
1 062

"Нива" көлігінің екі жолаушысы зардап шекті.


Қостанай облысында тасжолда 8 көлік соқтығысып қалды

ERNUR.KZ. Қостанай облысында тасжолда 8 көлік соқтығысып қалды, деп жазады tengrinews.kz.

Куәгердің айтуынша, жол апаты Глазуновка мен Семеновка ауылдарының аумағында болған.

"Қостанай-Әулиекөл тасжолының 42-шақырымында алты көлік құралы, оның ішінде КамАЗ бен Фура жол апатына ұшырады. Барлық көлік түрі бір бағытта келе жатқан", - деп хабарлады облыстық полиция департаментіндегілер.

"Нива" көлігінің екі жолаушысы зардап шекті. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.