Қостанай облысында үй өртеніп, 7 жасар бала қайтыс болды

0
501

Оның әжесі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.


ERNUR.KZ. Бейімбет Майлин ауданына қарасты Береговой кентінде екі пәтерлі үйден өрт шығып, салдарынан 7 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі. Оқиға 16 қыркүйекте таңғы сағат жеті шамасында болған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Өртенген үйге келген мамандар ғимарат ішінен 2013 жылы туған баланың денесін алып шықты. Сондай-ақ, оның 1959 жылы туған әжесі ауыр жарақатпен Рудный қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Өрт тек 8:17-де ауыздықталып, 9:50-де толығымен сөндірілді. Барлығы 100 шаршы метр аумақ жанып кеткен. Мамандар қазір өрттің шығу себебін анықтап жатыр.