Қостанай облысында үйден екі әйелдің өлі денесі табылды

0
599

Үйде газ баллон жарылған.


Қостанай облысында үйден екі әйелдің өлі денесі табылды

ERNUR.KZ. Бүгін таңғы сағат 4:12-де Қостанай облысы Әулиекөл ауылында жеке тұрғын үй отқа оранды, өртенген үйден екі адамның денесі шығарылды, деп жазады zakon.kz.


"Өрт сөндірушілер келгенше жалын баспананың 80 шаршы метр аумағына тарап кеткен. Құтқарушылар үйден екі газ баллонын шығарып үлгерді. Біреуі жарылып өртке себеп болған", - деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға орнынан 1937 және 1936 жылы туған екі әйелдің мәйіті табылды.