​Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты: ҰҚК қызметтік көлігі мен КамАЗ соғылды (видео)

0
1 206

Жүргізушілер оқиға болған жерді видеоға түсіріп, оларды бір-біріне мессенджер арқылы таратып жатыр.


​Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты: ҰҚК қызметтік көлігі мен КамАЗ соғылды (видео)

ERNUR.KZ. Қостанай облысы трассасында КамАЗ және УАЗ автокөліктері соғылып, бір адам ауруханаға түсті, тағы бір адам апат болған жерде көз жұмды. Алдын ала деректер бойынша, көліктердің біреуі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тиесілі, деп жазады sputniknews.kz.


Аlau.kz порталының хабарлауынша, жүргізушілер оқиға болған жерді видеоға түсіріп, оларды бір-біріне мессенджер арқылы таратып жатыр.

Видеодағы кадрлардан УАЗ есігіндегі эмблемаға қарап, оның ҚР ҰҚК көлігі екенін байқауға болады.

Жантүршігерлік жол апаты салдарынан қызметтік УАЗ көлігінің кабинасы екіге бөлінген, ал жүк көлігі апаттан кейін жолдың шетіне шығып кеткен.

Қостанай облысы полиция департаментіндегілер аталған фактіні растап, УАЗ жүргізушісінің көз жұмғанын хабарлады. Сондай-ақ, осы көлікте отырған жолаушы ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Ал жүк көлігінің жүргізушісі аман.