Қостанай облысында жоғалған оқушы бос үйден табылды

0
515

Оқушы бұған дейін де үйінен бірнеше рет қашқан.


Қостанай облысында жоғалған оқушы бос үйден табылды

ERNUR.KZ. 9 қыркүйекте үйінен шыққаннан кейін із-түзсіз жоғалған 14 жастағы Анна Карпенко табылды, деп жазады Tengrinews.kz.

Қыз Валерьяновка ауылының шетіндегі бос үйден табылды. Ол сол жерде тұрып жатқан, дін аман.

Анна Карпеноканы полицейлерден бөлек волонтерлар мен жергілікті тұрғындар іздеді.

Бұған дейін үйінен бірнеше рет қашқан. Ол полиция бөлімінде үйінен қаша беретін бала ретінде есепте тұр.