Қостанай облысында жол апатынан егіз балалар мен олардың анасы көз жұмды

0
285

9 жастағы егіз балалар мен олардың 33 жастағы анасы көз жұмды.


Қостанай облысында жол апатынан егіз балалар мен олардың анасы көз жұмды

ERNUR.KZ. Қостанай облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты. Оқиға Қостанай-Қарабұтақ тас жолының 470 шақырымында болған, деп жазады exk.kz.

"JAC S3 автокөлігінің жүргізушісі алдындағы машинаны басып озғысы келіп қарсы қозғалыс жолағына шығып, жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Соның салдарынан 9 жастағы егіз балалар мен олардың 33 жастағы анасы көз жұмды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде", - делінген полиция ақпаратында.

Сонымен қатар бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі (Жол жүру ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.