Қостанай облысындағы өрт: Kaspi.kz зардап шеккендердің несиесін кешіреді

0
1 552

Өрттен шамамен 200-ге жуық отбасы зардап шеккен.


Қостанай облысындағы өрт: Kaspi.kz зардап шеккендердің несиесін кешіреді

ERNUR.KZ. Танымал қоғам қайраткері және Мәжіліс депутаты Константин Авершин еріктілер мен кәсіпкерлер Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге қалай көмектесіп жатқанын айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Константин Авершиннің сөзінше, Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге алғаш көмек қолын ұсынған компаниялардың бірі Magnum желісі болған.

"Бұл компаниямен өткізіп жатқан 14-ші акциямыз. ТЖ кезінде бірге көп жұмыс істегенбіз. Бұл жолы қажет гуманитарлық заттар салынған екі фура жібердік. Оның ішінде, санитарлық-гигиеналық заттар, жылы көрпелер, орамал, азық-түлік бар. Бұзылмайтын заттар", - дейді Авершин.

Сонымен қатар, қоғам қайраткерінің сөзінше, өрттен 200-ге жуық отбасы зардап шеккен. Ал Kaspi.kz компаниясы зардап шеккендердің несиесін кешіреді.

"3 қыркүйектен Маржан Елшібаевамен (Kaspi.kz корпоративтік коммуникациялар департаментінің басшысы - еск.) байланыстамыз және ол несие кешірілетінін айтты. Компания бұл туралы жариялағысы келмеді, бірақ олардың қолдауын атап өткен жөн деп ойлаймын. Мендегі ақпарат бойынша, Kaspi.kz тағы да көмек көрсетпек, енді тек жергілікті биліктен жауап күтіп отыр", - деді депутат.