Қостанай облысының Таран ауданының атауы Бейімбет Майлин болып өзгерді

0
1 730

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қостанай облысының Таран ауданының атауы Бейімбет Майлин болып өзгерді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы Таран ауданының атауын өзгертті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Қостанай облысының Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып қайта аталсын», - делінеді жарлықта.

«Ауданға көрнекті қазақ жазушысы, драматург және қоғам қайраткері Бейімбет Майлин есімінің берілуі – жергілікті тұрғындар көптен күткен маңызды қадам», - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.