​Қостанай облысының тұрғыны арақ үшін жантүршігерлік қылмысқа барды

0
1 269

Ауыл тұрғындары зейнеткерде ақша бар екенін білген.


​Қостанай облысының тұрғыны арақ үшін жантүршігерлік қылмысқа барды

ERNUR.KZ. Денисов ауданы Окраинка ауылының 31 жастағы тұрғыны арақ үшін егде жастағы ауылдасын пышақтап өлтірді. Бұл туралы kstnews.kz порталы хабарлайды, деп жазады Baq.kz.

Ауыл тұрғындары зейнеткерде ақша бар екенін білген. Азамат Т. қылмыс жасалатын түні мас болған. Алайда ол тағы арақ ішкісі келген. Сөйтіп, егде жастағы ауылдасының үйіне барып, одан ақша сұраған. Зейнеткер қаржы беруге үзілді-кесілді қарсы болған. Сол мезетте Азамат Т. орындықпен оның басынан ұрған. Кейін пышақпен тамағын тіліп жіберіп, денесін жертөлеге тастай салған.

Содан соң ол үйден ақша іздеуге кіріскен. Азамат Т. зейнеткердің жатын бөлмесінен 26 мың 620 теңге мен ұялы телефон тапқан. Тіпті, күдікті асханадағы 4 пакет кофені де өзімен бірге алып кеткен.

Полиция шұғыл түрде қимылдап, күдіктіні қылмыс жасалған күні қолға түсірген. Бір күннен соң, оған айып тағылған. Оның үйін тінту барысында зейнеткердің үйінен ұрланған заттар мен ақша табылды.

2017 жылы күдікті бұзақылық жасағаны үшін сотталып, бір жылға бостандығынан айырылған. Ал 2018 жылдың мамырында пробация қызметінің ұсыным хатының негізінде шартты түрде бостандыққа шыққан.

Денисов аудандық соты баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Азамат Т. судьяның санкциясыме 2 айға қамауға алынған.