Қостанайда 23 жастағы жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

0
1 229

Із-түзсіз жоғалып кеткен Елдос Дүйсеновті тоғыз күннен бері іздеп жатыр


Қостанайда 23 жастағы жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Қостанай облысының полиция департаменті қызметкерлері ізім-ғайым жоғалып кеткен 23 жастағы жігітке іздеу жариялады. Қостанай полиция басқармасының Оңтүстік бөлімінде 1995 жылы туған Дүйсенов Елдос Дәуренұлының жоғалып кетуіне байланысты іздеу ісі қозғалды, деп жазады sputniknews.

Полицияның мәліметіне сүйенсек, 2019 жылдың 20 қаңтарында 23 жастағы жігіт үйден шығып, қайтып оралмаған. Туыстары Елдоспен хабарласа алмай қояды.

Сырт келбеті: Бойы 180-185 сантиметр, арық денелі, қоңыр көзді, қара шашты. Жоғалып кеткен күні үстіне көк спорттық аяқ киім, қара түсті күрте киген.

Ерекше белгілері: Сол иығында татуировканың орнында қалған тыртық бар. Жүрек тұсында иероглиф пішіндес татуировка салынған.

Жас жігіттің қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білген болсаңыз, келесі нөмірлерге хабарласа аласыз: 8 702-492-99-92, 8 747-655-21-63, +7 (7142)52-68-61 немесе 102.