Қостанайда 26 жастағы әйел өзін және екі баласын өлтірмек болды

0
596

Әйелді мұндай қадамға не мәжбүр еткені әзірге белгісіз. Қазір ол қалалық аурухананың травматология бөлімінде жатыр.


Қостанайда 26 жастағы әйел өзін және екі баласын өлтірмек болды

Иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Қостанайда 26 жастағы әйел өзін және екі баласын жарақаттады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Шақырту түнгі сағат үште түсті. 26 жастағы әйел қалалық аурухананың жарақат бөліміне жеткізілді. Өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Әйел білегін жарақаттаған", - деді басқарманың баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.
Әйел екі баласына да пышақ жарақатын салған. Олар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Бір және үш жасар балалардың да білегі кесілген. Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің психикалық ауруы қозып кеткен.
Қарағандыда сырттан үйіне келген ер адам жантүршігерлік қылмыстың үстінен түскен
Қазір оның жағдайы тұрақты. Ол қалалық аурухананың травматология бөлімінде, ал балалар балалар ауруханасының травматология бөлімінде жатыр.
Әйелді мұндай қадамға не мәжбүр еткені әзірге белгісіз.