Қостанайда адам өлтіргені үшін сотталған соғыс ардагері көз жұмды

0
1 179

Ол ұйқыда жатқан жерінде дүниеден озған.


Қостанайда адам өлтіргені үшін сотталған соғыс ардагері көз жұмды

ERNUR.KZ. 26 қазан күні Қостанайда өз туысын өлтіргені үшін сотталған Ұлы Отан Соғысының ардагері Иван Сурков көз жұмды, деп жазады kaz.nur.kz.

Оған үй қызметінде көмек көрсеткен келіншектің сөзінше, азамат пансионатта кеше таңертең көз жұмған.

Оның айтуынша, осы айдың басында ер адам сәтсіз құлап, жамбас мойны сынған. Ол тәулік бойы көмек пен қамқорлықты қажет еткендіктен және оған қарайлайтын адам болмағандықтан Сурков жақсы күтім мен медициналық көмек алған пансионатқа жіберілген.

Ол ұйқыда жатқан жерінде дүниеден озды.

Соғыс ардагері осы жылдың ақпан айында өз әйелінің 80 жастағы ағасын өлтірді деп айыпталып, жеті жылға бас бостандығынан шектелді. Сонымен қатар, 3 млн теңге моральді шығын өтейтін болған.