​Қостанайда автокөлік өртеніп, жүргізушісі қаза тапты

0
1 058

Болжам бойынша, кісі өлімі көмірқышқыл газының әсерінен болған.


​Қостанайда автокөлік өртеніп, жүргізушісі қаза тапты

ERNUR.KZ. Қостанай облысында жеңіл автокөлік өртеніп, бір адам көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады. Оқиға 14 наурыз күні кешке «Қостанай-Сарыкөл» тасжолында болған.

«32 жастағы Алтынсарин ауданының тұрғыны «ВАЗ-2111» автокөлігімен Обаған ауылына шыққан. Көлігі тас жол үстінде өртеніп кеткен. Алдын ала болжам бойынша, кісі өлімі көмірқышқыл газының әсерінен болған», - дейді полиция департаменті таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта өрт-техникалық сараптамасы тағайындалды. Зерттеу жұмыстары жүргізілуде.