Қостанайда бірнеше жерде жарылғыш зат қойылды деген жалған ақпарат тарады

0
623

Полиция қызметкерлері қоңырауларды мұқият тексерді, оның барлығы жалған болып шықты.


Қостанайда бірнеше жерде жарылғыш зат қойылды деген жалған ақпарат тарады

ERNUR.KZ. Қостанай полиция қызметкерлері жалған терроризмнің бірнеше дерегі бойынша соталды тергеуді бастады, деп жазады tengrinews.kz.

9 қаңтарда қала полициясына әуежай ғимаратында, ауруханаларда, кітапханаларда және басқа да нысандарда жарылғыш заттар салынған деген жалған қоңыраулар келіп түсті.

Полиция қызметкерлері қоңырауларды мұқият тексерді, оның барлығы жалған болып шықты.

Қазір полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар күдіктінің жеке басын анықтап жатыр. ҚР Қылмыстық кодекстің 273-бабы "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар" бойынша соталды тергеу басталды.