Қостанайда екі адамды атыс қаруымен жарақаттаған күдікті ұсталды

0
568

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша “Адам өлтіруге оқталу” бабымен көзделген сотқа дейінгі тергеу басталды.


Қостанайда екі адамды атыс қаруымен жарақаттаған күдікті ұсталды

Қостанай облысының полициясы төбелес кезінде атыс қаруын қолданған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Polisia.kz. сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша “Адам өлтіруге оқталу” бабымен көзделген сотқа дейінгі тергеу басталды.
27 тамызда сағат 17:50 шамасында Жедел басқару орталығының 102 пультіне “Юбилейный” бау-бақша қоғамында атыс қаруының қолданылуымен төбелес болып жатқандығы туралы хабарлама түскен.
Полицейлер оқиға орнынан оқ жарақатын алған екі ер адамды – 31 жастағы және 25 жастағы Сарыкөл ауданының тұрғындарын тапты. Жәбірленушілер дереу ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оларға медициналық көмек көрсетілді.
Денсаулық жағдайлары қанағаттанарлық. Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Бұған дейін де сотты болған облыс орталығының 38 жастағы тұрғыны бір сағаттан кейін қаланың солтүстік бөлігінде ұсталды.
Қазіргі уақытта күдікті қамалды. Атыс қаруы тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Сондай-ақ атыс қаруын сақтау және жасау фактілері бойынша процессуалдық шешім қабылдануда.