Қостанайда екі бала үй ішінде жанып кетті

0
917

Үй ішінде қараусыз қалып қойған 2016 және 2018 жылы туған екі бала жанып кетті.


Қостанайда екі бала үй ішінде жанып кетті

ERNUR.KZ. Әулиекөл ауданында тұрғын үй өртеніп, екі бала көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь растады. Оқиға бүгін аудан орталығындағы 1 мамыр көшесіндегі жеке тұрғын үйде болған.

«Үй ішінде қараусыз қалып қойған 2016 және 2018 жылы туған екі бала жанып кетті. Үйдегі барлық төсек-орын, жиһаз өртенді. Өрт ауқымы 18 шаршы метрді құрады», - деді Ирина Беженарь.

Оқиғаның алдын ала себебі – отты абайсыз қолдану. Тұрғын үй өрті бүгін сағат 12.39-да толығымен сөндірілді.