​Қостанайда із-түзсіз жоғалған әйел өлі табылды

0
1 125

Жеке тұрғын үй секторының ауласынан 58 жастағы әйелдің мәйіті табылды.


​Қостанайда із-түзсіз жоғалған әйел өлі табылды

ERNUR.KZ. Қостанай облысында жеке үйлердің бірінен хабар-ошарсыз кеткен 58 жастағы Наталья Горобецтің өлі денесі табылды, деп жазады ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«6 қаңтар күні сағат 17:00 шамасында бос қалған жеке тұрғын үй секторының ауласынан 58 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Кісі өлімінің нақты себептерін анықтау үшін сараптама жасалады», - деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Белгілі болғандай, әйелдің өлі денесін жергілікті тұрғын көріп, «102» нөміріне хабарлаған.

Еске салсақ, Федоров ауданының Федоров селосында тұратын Наталья Владимировна Горобецтің 24 желтоқсан күні таңғы 08:00 шамасында үйінен шығып, хабарсыз кеткені туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.