​Қостанайда қар жауып, бұрқасын соғып тұр

0
1 223

Қазгидромет орталығының Қостанай облысындағы филиалы облыс аумағында желдің жылдамдығы секундына 28 метр болатынын ескерткен еді.


​Қостанайда қар жауып, бұрқасын соғып тұр

ERNUR.KZ. Қостанай облысында кенеттен қар жауды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қала тұрғындары кенеттен жауған қардың суреттері мен бейнежазбаларын әлеуметтік желілерде жарыса бөлісіп жатыр. Расымен де, табиғаттың тосын мінезі жұртты абдыратып тастады.

«Күн шайдай ашық еді. Таң ата жел күрт күшейіп, бұрқасын соқты. Айналасы 2 сағатта айналаны қар басты. Қазір борандатып тұр. Алыс жолға шықсақ көлігіміздің доңғалағын ауыстыру қажет», - дейді қала тұрғыны Бердіболат Сағындық.

Қазгидромет орталығының Қостанай облысындағы филиалы облыс аумағында желдің жылдамдығы секундына 28 метр болатынын ескерткен еді. Қазір сынап бағанасы -3 градасты көрсетіп тұр. Ауа райын болжаушылардың мәліметінше, түнде ол -8 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.