Қостанайда халыққа қызмет көрсету орталығы келушілерді үйлеріне тегін жеткізіп салады

0
960

Қостанайда Халыққа қызмет көрсету орталығы басшылары аязды күндері қайырымдылық шарасын ұйымдастырып отыр.


Қостанайда халыққа қызмет көрсету орталығы келушілерді үйлеріне тегін жеткізіп салады

ERNUR.KZ. Қостанай қаласында халыққа қызмет көрсету орталығы келушілерді үйлеріне тегін жеткізіп салады, деп жазады «Хабар 24».

Аталған мекеме басшылары аязды күндері осындай қайырымдылық шарасын ұйымдастырып отыр. Мұнда келетін қызмет алушылардың арасында қарт кісілер, жүкті әйелдер мен мүгедек жандар аз емес. Көліксіз келетіндер де көп. Міне соларды суықта тоңдырмай, үйлеріне жеткізіп салу ісі қолға алынды. Қайырымдылық шарасы аяздың беті қайтқанша жалғасады.

Руслан Қалмұратов, «Азаматтарға арналған үкімет» МК ҚОФ директорының орынбасары: – Осы қызметті қолдану үшін тек қана біздің мамандарға жүгінсе болды. Қазіргі таңда 4 көлік таңғы сағат 9-дан кешкі 8-ге дейін кезекшілік жасайды. Кешелі бері жүріп жатқан акция аясында халықтан интернет желісінде көптеген алғыс айтылып жатыр. Біз өте қуаныштымыз.