​Қостанайда қызыл көлік мінгендер оқушы қызды ұрлап кетті

0
1 571

Осы туралы қандай да бір ақпарат білетіндер 102 нөмірі бойынша полицияға хабарлаңыздар.


​Қостанайда қызыл көлік мінгендер оқушы қызды ұрлап кетті

ERNUR.KZ. Дүйсенбі күні Затобольск №3 мектеп-гимназиясының маңында белгісіз біреу қыздың алқымынан алып, оны белгісіз бағытқа алып кеткен. Осындай мазмұндағы хабарлама әлеуметтік желіде тараған, деп жазады ҚазАқпарат.

Онда аталып өтілгендей, оқиғаға байланысты іздеу шаралары басталды.

«01.10.2018 жылы Затобольск кентіндегі №3 мектеп-гимназиясының маңында белгісіз біреу бүлдіршіннің (қыздың) алқымынан алып, оны белгісіз бағытқа қарай алып кеткені туралы хабар түскен. Қызыл түсті көлік күдікке ілікті», - делінген Қостанай АІІБ бастығының міндетін атқарушы М.Б.Жайлаубеков қол қойған бағыттамада.

Таратылған хабарламада аталып өтілгендей, осы туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден 102 нөмірі бойынша полицияға байланысуларын сұрайды. Қостанай ІІД баспасөз қызметі бұл фактіге қатысты әзірге түсінік берген жоқ.