Қостанайда мұзда ойнап қаза тапқан балалардың ата-аналары жауапқа тартылмақ

0
1 113

Балалар ойнап жүріп абайсызда суға түсіп кеткен.


Қостанайда мұзда ойнап қаза тапқан балалардың ата-аналары жауапқа тартылмақ

ERNUR.KZ. Қостанай облысында жұқа мұзда ойнамақ боп қаза тапқан қос жеткіншектің ата-анасы қылмыстық жауапқа тартылмақ, деп хабарлайды Astana арнасы.

Балалар ойнап жүріп абайсызда суға түсіп кеткен. Қайғылы оқиға Жітіқара қаласында болған. Шаһар орталығындағы жасанды су қоймасына батқан балаларды ең әуелі 65 жастағы зейнеткер құтқармақ болған. Кейін полицейлер көмекке келген. Олар үш баланы жағалауға алып шыққанмен, екеуі сол жерде үсіп, жан тапсырған. Ал жансақтау бөліміне жеткізілген сегіз жастағы баланың жағдайы жақсы. Енді оларды қараусыз қалдырған ата-аналар жауапқа тартылуы мүмкін.

- Бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс шеңберінде оқиға бойынша барлық мән-жай анықталып жатыр, - дейді Қостанай облыстық ПД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Құтқарушылар рейд үнемі жүргізілгенімен, балалар мен балықшылар бұған құлақ аспайды деп отыр. Дәл қазір мұздың қалыңдығы небәрі 3 сантиметр көрінеді.

Балалар ойын кезінде абайсыз суға түсіп кеткен. Су айдынының тереңдігі 1-1,5 метрге жуық. Қаланың ортасында орналасқан. Балалар ойнайтын сондай бір аумақтың маңайында. Көл бетонный конструкциямен былай қоршалған. Биіктігі бір тізеден келетін, - дейді Қостанай облыстық ТЖД басшысы Талғат Кәкімов.