Қостанайда оқушыны ұрған мұғалім жазаға тартылды

0
825

Оған 25 мың теңге айыппұл салынды.


Қостанайда оқушыны ұрған мұғалім жазаға тартылды

ERNUR.KZ. Оқушыны ұрған Қостанай орта мектебінің мұғалімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады Zakon.kz.

"Қостанай қаласындағы орта мектептердің бірінде мұғалім болып жұмыс істейтін азамат А. сабақ үстінде кәмелетке толмаған Б.-ны ұрып, оған физикалық күш көрсеткен. Айыпталушы сотта кінәсін мойындамағанымен, сот отырысында оның кінәсі расталды. Кәмелетке толмаған куәгерлердің айғақтары мұғалімнің қол көтеру фактісін тікелей дәлелдеген. Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен А. ҚР Әкімшілік кодексінің 73-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 10 АЕК (1 АЕК 2525 теңге) көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды", - делінген соттың хабарламасында.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.