​Қостанайда РФ азаматы 11 жасар қызды тұншықтырып өлтірген

0
1 361

Осы түнде күдікті қызды тұншықтырып өлтіріп тастаған. Мәйітті Восток селосынан бір шақырым қашықтықта далаға тастап кеткен.


​Қостанайда РФ азаматы 11 жасар қызды тұншықтырып өлтірген

ERNUR.KZ. Қостанай облысының тумасы, бүгінде РФ азаматы өзімен бірге тұратын әйелдің 11 жасар қызын өлтіргені үшін айыпталуда, деп жазады ERNUR.KZ ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Іс деректерінде көрсетілгендей, айыпталушы 2016 жылы жұбайы мен баласын Ресейге тастап, ата-анасымен тұру үшін өзінің туған жері – Қостанай облысының Қарасу ауданына келеді. 2017 жылдың тамыз айына дейін ол жергілікті ұйымдардың біріне дәнекерлеуші болып орналасқан. Содан кейін көлікті техникалық қарау стансасына (ТҚС) автоэлектрші қызметін атқарып жүреді. Ол ТҚС-на жұмысқа тұрған соң сол жерде бұрынғы таныс әйелімен кездеседі.

«Күдікті 2018 жылдың 20 мамырында бұрынғы танысының үйіне келіп, ішімдік ішкен. Келесі күні үй иесі бірнеше күнге Қостанай қаласына кетіп, 2007 жылы туған баласы мен үйін қадағалауды күдіктіге тапсырады. 21 мамыр күні түнде айыпталушы мас күйінде өзінің жыныстық құштарлығын қанағаттандыру мақсатында танысының қызы ұйықтап жатқан бөлмеге бағыт алған. Бұл кезде қыз кереуетте ұйықтап жатқан. Кәмелетке толмаған қыз күдіктінің қолы денесіне тигенде оянып кеткен», — делінген Қостанай облыстық соттың хабарламасында.

Осы түнде күдікті қызды тұншықтырып өлтіріп тастаған. Мәйітті Восток селосынан бір шақырым қашықтықта далаға тастап кеткен. Тергеушілерді жаңылыстыру мақсатында қыздың аяқ киімінің бір сыңарын ауыл ішіне әкелген.

Қарасу ауданының тумасы, бүгінде РФ азаматы ҚР ҚК 99-бабы, 2-бөлігі, 3, 14-тармақтары бойынша сот алдында жауап береді.