​Қостанайда сәбилерге бөлінген 5,3 млн теңгені қалтасына басқан есепші сотталды

0
1 014

Сот үкімімен Жамашева 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.


​Қостанайда сәбилерге бөлінген 5,3 млн теңгені қалтасына басқан есепші сотталды

ERNUR.KZ. Қостанай қаласында мемлекет ақшасын жымқырды деп күдікке ілінген сәбилер үйінің бас есепшісіне қатысты сот үкімі шықты, деп жазады ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай қалалық №2 сотында «Дельфин» Қостанай сәбилер үй» ҚМК бас есепшісіне қатысты қылмыстық іс қаралды. Іс деректерінде көрсетілгендей, 2016 жылғы 1 қаңтар - 2017 жылғы 31 желтоқсан аралығында аталмыш сәбилер үйінің бас есепшісі Жамашева 5 372 200 теңге қаражатты жымқырған. Бұл аса ірі көлемдегі қаржы саналады.

«Сот үкімімен Жамашева ҚР ҚК 189-бабы, 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын қауіпсіздігі төмен түзету мекемесінде өтейді», - делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.

Сот Жамашеваны материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге шектеді.