Қостанайда студент колледжге пышақ алып кірмек болған

0
466

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы пышақты тәркілеп, 18 жасар студентті полиция басқармасына апарған.


Қостанайда студент колледжге пышақ алып кірмек болған

ERNUR.KZ. Қостанай қаласындағы Жоғары политехникалық колледждің күзетшісі металл іздейтін құралдың көмегімен қалтасына пышақ салып алған студентті ұстады, деп жазады ulysmedia.kz.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы пышақты тәркілеп, 18 жасар студентті полиция басқармасына апарған.

“Анықталғанындай, студент басқа колледжде оқиды, бұл оқу орнына іс-шараға келген. Ол ата-анасына үй шаруашылығында көмектескенін айтып, содан кейін пышақтың сырт киімінде қалғанын, заттың салмағы аз болғандықтан, ол туралы ұмытып кеткенін түсіндірді”,-деп жазады дереккөз.

Сараптама студенттен табылған пышақ суық қаруға жатпайды деген қорытынды шығарған. Дегенмен, студенттің ата-анасына оқиға туралы баяндалған.

Еске салайық, 13 ақпанда Петропавл мектебінде балта және пышақпен қаруланған 9-сынып оқушысы 3 баланы жарақаттады. Олардың екеуі ауруханада жатыр.

Белгілі болғандай, жасөспірімнің психикалық дерті барына қарамастан Алматы қаласының Республиалық психикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығы жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыруға рұқсат берген.

Осы оқиғадан кейін Үкімет басшысы Әлизан Смайылов жауапты министрліктерге оқу орындарында тексеріс жүргізуді тапсырды.