Қостанайда жоғалып кеткен 17 жастағы боксшы қыз табылды

0
452

Төрт тәулікен бері іздеуде болған қыз таныстарының үйінде жүрген.


Қостанайда жоғалып кеткен 17 жастағы боксшы қыз табылды

ERNUR.KZ. Қостанайда бокстан жаттығуға кеткен 17 жастағы бойжеткен табылды. Қыз таныстарының үйінде болған, деп жазады inbusiness.kz.

Басылымның хабарлауынша, қыз аман-есен табылды. Қазіргі уақытта туыстарымен неге байланысқа шықпағаны анықталып жатыр.

29 қазан күні Қостанай қаласының тұрғыны Ирина Сергушова бокс үйірмесіне барамын деп үйіне қайтып келмеген. Сол күні оның анасы қызының жоғалып кеткені туралы арыз жазған.