Қостанайда жоғалып кеткен 8 жасар баланың денесі табылды

0
724

20 маусымы күні Федоров ауданында 8 жасар бала үйінен шығып, оралмаған.


Қостанайда жоғалып кеткен 8 жасар баланың денесі табылды

ERNUR.KZ. Қостанай облысында жоғалып кеткен 2011 жылғы жеткіншектің денесі судан шығарылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Департамент дерегіне сүйенсек, осы жылдың 20 маусымы күні Федоров ауданында 8 жасар бала үйінен шығып, оралмаған.

«ТЖД құтқарушылары баланың денесін судан шығарды. Жазғы маусымда ата-аналарды балаларын жалғыз қалдырмауға шақырамыз. Суға шомылу кезінде қауіпсіздікті сақтаңыздар», - дейді ведомоствоның баспасөз қызметіндегілер.