Қостанайда жойқын жарылыс болды (видео)

0
935

Ғимараттың күл-талқаны шығып, өртке оранған.


Қостанайда жойқын жарылыс болды (видео)

ERNUR.KZ. Қостанайда Байғамбетов пен Лермонтов көшелерінің қиылысында жарылыс болды, деп жазады Stan.kz.

Куәгерлердің сөзінше, жарылыс дөнер жасайтын орын мен техникалық қызмет көрсету бекеті орналасқан ғимаратта орын алған.

Кей мәліметтер бойынша, техникалық қызмет көрсету бекетінде газ құрылғысы орнатылып жатқан екен. Ғимараттың күл-талқаны шығып, өртке оранған.

Куәгерлер үйінді астынан бірнеше адамның шығарылғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта оқиға орны қоршауға алынған. Ол жерде шұғыл қызметтер қызметкерлері жұмыс істеуде.