Қостанайда жол жұмысшысын автобус қағып кетті

0
356

Қоғамдық көлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылады.


Қостанайда жол жұмысшысын автобус қағып кетті

ERNUR.KZ. Қостанай қаласында коммуналдық қызмет жұмысшысын автобус қағып кетті, деп жазады inbusiness.kz.

Жол-көлік оқиғасы туралы ақпаратты Қостанай облысының полиция департаменті растады.

Ақпаратқа сәйкес, оқиға 9 ақпан күні қаладағы аялдамалардың бірінің жанында болған. №38 бағыттағы қоғамдық көлік жол жиегінде жұмыс істеп жүрген 1965 жылы туған әйелді қағып кетті.

"Әйел жарақат пунктіне жеткізілді. Дәрігерлер оған амбулаториялық ем тағайындады", - деп мәлімдеді Полиция департаменті.

Жүргізуші Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 610-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.