Қостанайдағы алапат өрттен кейін орман алқабы ел бюджетіне 673 миллион теңге пайда әкелді

0
469

Бұл туралы Қостанай облысы прокуратурасы хабарлады.


Қостанайдағы алапат өрттен кейін орман алқабы ел бюджетіне 673 миллион теңге пайда әкелді

ERNUR.KZ. Қостанайдағы алапат өрттен кейін от шалған орман алқаптарын игеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде бюджетке 673 миллион теңге түскен, деп жазады stan.kz.

Бұл туралы Қостанай облысы прокуратурасы хабарлады. Деректе Әулиекөл ауданында өртенген орманды игеруді бақылау жобасы іске асырылғаны және өткен жылдың қыркүйегінде жаппай орман өртінен 32 мың гектар орман алқаптары жойылғаны жазылған. Сонымен қатар барлық орман шаруашылығы мекемелерінің ресурстарын жұмылдыру нәтижесінде көлемі 46 мың м3 өртеу дайындалған. Нәтижесінде жиналған ағаштарды кесуден бюджетке 673 миллион теңге пайда түсіпті.

“Бүгінгі күні қабылданған шаралармен ағаш кесу жұмыстарының заңдылығы қамтамасыз етілді, орман бұзушылықтарға жол берілмеді. Бұдан басқа, өртенген орманды кесу және оны үдемелі игеру қажеттілігі мәселесі ағымдағы жылдың 9 ақпанында Қостанай облысы әкімінің қатысуымен облыс прокуратурасындағы алқаның кеңейтілген отырысында қаралды. Қазіргі уақытта жұмыс жалғасуда”, - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, өз бетінше ағаш кесуге жол бермеу мақсатында орман дайындау жұмыстарының заңдылығы және кесілген орман алқабының рұқсат құжаттарына сәйкестігі тұрғысынан ғарыштық суреттерді ай сайын зерделеу, жазылған билеттерді берілген жүкқұжаттармен салыстыру, тұрақты бірлескен рейдтер жүргізу мәселесі прокуратура бақылауында.