Қостанайдағы кәріз суына сіріңке тигізсе от болып жанады

0
1 294

​Қостанайдағы кәріз құдығынан мұнай өнімдеріне ұқсас сұйықтық табылды.


Қостанайдағы кәріз суына сіріңке тигізсе от болып жанады

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде осындай ақпарат тарап жатыр, деп жазады 24.kz.

Көшедегі құдықтан сынама алып жатқан экологтардың бейнежазбасында жерге төгілген кәріз суына от тигізгенде, оның тұтанғанын көруге болады.

Сонымен қатар Тобыл өзенінен де сынама алынды. Сараптама қорытындысы ертең жарияланады. Экологтар содан кейін ғана кәріз суына қандай сұйық қосылып, қаншалықты ластанғанын айта аламыз деп отыр.

Зияда Бисақалова, облыстық экология департаментінің бөлім басшысы:

- Бұдан бөлек біз мұнай өнімінің қайдан ағып келгенін де анықтап жатырмыз. Сынама алынған құдыққа жақын жерде мұнай өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпорын бар. Біздің мамандар олардың өнім сақтайтын орындарын, құбырлары мен ұңғыламаларын тексеретін болады.