Қостанайдағы өрт: қару-жарақ дүкені директоры Нұр-Сұлтанға жеткізілді

0
436

3 қыркүйекте Назарбаев көшесіндегі "Оружейная палата" дүкенінде өрт шыққан болатын.


Қостанайдағы өрт: қару-жарақ дүкені директоры Нұр-Сұлтанға жеткізілді

ERNUR.KZ. Қостанайда өрттен зардап шеккен "Оружейная палата" қару-жарақ дүкені директоры санитарлық авиациямен Нұр-Сұлтанға жеткізілді, деп жазады tengrinews.kz.

Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, санитарлық авиация желісі арқылы дүкендегі өрттен зардап шеккен ер адам Нұр-Сұлтандағы көп бейінді ауруханалардың біріне жеткізілген.

Дүкен директорының жағдайы тұрақты ауыр екені атап өтілді. Денесінің 50 пайызын күйік шалған науқасты емдеу жалғасып жатыр.

Еске салайық, 3 қыркүйекте Назарбаев көшесіндегі "Оружейная палата" дүкенінде өрт шыққан болатын. Жақын маңда тұрған көліктер де өрттен зардап шеккен. Сонымен қатар, сегіз жекеменшік үй өртеніп кетті.