Қостанайлық шекарашылар 131 тасбақаны шекара асудан сақтап қалды

0
1 233


Қостанайлық шекарашылар 131 тасбақаны шекара асудан сақтап қалды

ERNUR.KZ. Қостанай шекара отрядының «Қайрақ-авто» бөлімшесінде шекарашылар жекеменшік жеңіл автокөлігімен «Қостанай-Челябинск» бағытымен кетіп бара жатқан 24 жастағы қазақстандық азаматты ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

"Ұстауға себеп, аталған азаматтың көлігінің жүксалғышынан табылған тасбақалар болды. Жалпы саны 131 тасбақаның нарықтағы құны 1300000 деп есептелінді. Құжатсыз «тірі тауар» актіленіп, Қарабалық аудандық малдәрігерлік бақылау комитетінің мамандарына тапсырылды", - делінген таратылған ақпаратта.