Қостанайда оқушы қызды өлтірді деген күдікті анықталды

0
1 110

​Қостанай қалалық ІІД баспасөз қызметі 9-сынып оқушысының өліміне қатысты жаңа деректерді мәлімдеді, - деп хабарлайды Хабар 24 Alau.kz-ке сітлеме жасап.


Қостанайда оқушы қызды өлтірді деген күдікті анықталды

Қостанай қалалық ІІД баспасөз қызметі 9-сынып оқушысының өліміне қатысты жаңа деректерді мәлімдеді, - деп хабарлайды Хабар 24 Alau.kz-ке сітлеме жасап.

ІІД баспасөз қызметінің берген ақпаратына сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. «Күдікті анықталды. Қостанайдың 44 жастағы тұрғыны. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Қостанай облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь. Еске салсақ, Қостанай орталығында №11 мектептің 9-сынып оқушысын белгісіз біреулердің өлтіріп кеткені туралы хабарланған болатын.