​Көз алдыңызда қылмыс жасаған күдіктіні ұстаймын деп өзіңіз сотталып кетпеңіз

0
1 449

Шетелде өз үйіңе түскен ұрыны атып тастасаң да жауапқа тартылмайсың.


​Көз алдыңызда қылмыс жасаған күдіктіні ұстаймын деп өзіңіз сотталып кетпеңіз

ERNUR.KZ.Кез келген қазақстандық оқиға орнында қылмыскерді ұстай алады. Бірақ бір нәрсеге сақ болу керек – қылмыскерді ұстап берем деп сотталушы орындығына өзіңіз отырып қалмаңыз, деп жазады Today.kz.

Қазақстанда құқық қорғау органының қызметкері емес адам ҚР ҚПК 130 бабы мен ҚР ҚК 33 бабы бойынша құқық бұзушыны ұстай алады.

"Жәбірленуші басқа кез келген азамат сияқты құқық бұзған адамды тұтқындап, полицияға табысталғанша бас бостандығын шектеуге құқылы" делінген.

Қылмыскерге физикалық күш көрсетілуі тиіс, бірақ заңды бұзбау үшін қатыгездік танытудың қажеті жоқ.

"Қылмыстық-процессуалдық заңнама ұстау шарасын қарастырады. Бұны полиция қызметкері де, қарапайым азамат та жасай алады.

"Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін" ұстауға рұқсат, бірақ "күдікті қылмыс жасады ма, жоқ па" деген мәселе де алдыңнан шығады. Яғни "қылмыс жасады" деп ұстап отырған күдікті заң бойынша қылмыс жасамаған болып шықса ше?

Егер күдіктіні ұстаған азамат оның денсаулығына зақым келтірсе, онда өзі жауапкершілікке тартылады. Сондықтан ұстаған кезде оның қолы мен аяғын сындырудың қажеті жоқ

«Күдіктіні киімінен қысып ұстап отыруға болады. Қылмыскер қаруланып алса, оны ұстаған адамның өміріне қауіп төнуі мүмкін. Ең қызығы бұндай ереже әкімшілік кодексте де бар, қандай қылмыс жасалғанын анықтау мүмкін емес, бұл кодекс те күдіктіні ұстауға рұқсат береді. Бірақ ең алдымен күдіктіні ұстаған адам қандай қылмыс жасалғанын нақты бағалай алуы тиіс. Ол қылмысты анықтай ала ма? Тәжірибе бойынша бұл өте сирек. Біздің адамдардың біреуді ұстап алуы сирек кездеседі», – деді адвокат Жангелді Сүлейменов.

Ал заңгер Асхат Сатыбалдиновтың мәселені екінші жағынан қарады.

"Бұны өте сақ істеу керек, өз-өзіңізді қорғау шарасын ұмытпаңыз, ең дұрысы қылмыс көз алдыңызда жасалып жатса, оны видеоға түсіріп алыңыз. Сосын полицияны шақыртыңыз. Бұл – жағдайдан шығудың жақсы жолы", – деді ол.

Адвокат Сергей Жұмабековтың сөзінше, "ноутбугіңізді ұрлап бара жатқан ұрыны ұрудың қажеті жоқ". Егер ол өміріңізге қауіп төндірсе ғана қорғануға қақылысыз.

"Ұстаған кезде ауыр дене жарақатын салуға ешкімнің құқығы жоқ. Тұтқынға түскен күдіктіге дөрекілік танытқан полицияның үстінен де қылмыстық іс қозғалып жатады. Қылмыскер өз жазасын алады, бірақ ол сіздің үстіңізден арыз жазып тастауы мүмкін, сол кезде бөлек іс бойынша соттың алдынан бір-ақ шығасыз.

Денис Тенге жасалған шабуылды да мысалға алатын болсақ, егер ол тірі қалып, қылмыскерлермен төбелескен болса және оларға зиянын тигізсе, Денистің үстінен қажетті қорғануды асыра пайдаланғаны үшін іс қозғалған болар еді, ал қылмыскерлер адам өлтіруге талпынғаны үшін жауап берер еді

Одан бөлек, бізде жекеменшік институты жақсы дамымаған. Шетелде өз үйіңе түскен ұрыны атып тастасаң да жауапқа тартылмайсың. Бірақ біздің елдегі заң әзірге басқа болып тұр. Бұл жан-жақты әрі кең ауқымды мәселе, түбіне бойласаң сағаттап отыруға болады. Адамдар қылмыскерден қорғалмаған", – деді ол.

Заңгер Станислав Лопатин күдіктінің денсаулығына ешқандай зақым келтіруге болмайтынын айтты.

"Егер ұсталған күдікті сіздің тарапыңызға қарай агрессия танытса, яғни пышағын, тапаншасын қалтасынан шығарса, ең алдымен қашыңыз! Төбелескен жағдайда өзіңіз де зардап шегіп қалуыңыз мүмкін, оған да зақым келуі ғажап емес. Бұл үшін қылмыстық жауапкершілікке тартыласыз. Егер үйіңізге ұры түссе, есікті жауып алып, полиция шақыру керек. Егер көшеде ұстап алсаңыз, ұрыны байлап тастаңыз", – деді Лопатин.

Өздеріңіз оқып отырғандарыңыздай, сарапшылар бір ауыздан қаһарман болудың қажеті жоқтығын айтып отыр. Өз күшіңізге аса сенімді болсаңыз да, бәріне дайын тұрыңыз. Ешқандай мүлік адам өміріне тең емес. Ашу үстінде тұрған қылмыскер қолын қанға малудан да тайынбайды.