ҚР Әділет вице-министрі тағайындалды

0
1 179

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Джордж Вашингтон Университеті жанындағы Заң мектебін тәмамдаған.


ҚР Әділет вице-министрі тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Алмат Құрманғазыұлы Мадалиев ҚР Әділет министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

А. Мадалиев 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Джордж Вашингтон Университеті жанындағы Заң мектебін тәмамдаған. Еңбек жолын 2004 жылы бастаған. Әртүрлі жылдары жеке секторда қызмет еткен.

2010-2014 жылдары, сондай-ақ 2017-2019 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау бойынша департаментінің құрылымында бас сарапшы, директордың орынбасары, басқарма басшысынан төрелікте іс карауға дейін қызмет еткен.

2019 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры лауазымын атқарған.