ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Telegram-да арна ашты

0
825

Telegram арна оқырмандарына тың әрі өзекті ақпарат бөлісіп отырады.


ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Telegram-да арна ашты

ERNUR.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Telegram желісінде арнасын ашты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бүгінгі ақпарат тасқыны толастамаған заманда атқарушы биліктің халықпен үнемі байланыста болуының маңызы зор. Осы орайда, біздің министрлік те ашықтық қағидатын ұстанып, жаңа Telegram арнамыздың оқырмандарымен тың әрі өзекті ақпаратпен бөлісіп отыруға тырысады. Мұнда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қызметінен бөлек, басқа да мемлекеттік орталық органдардың жаңалықтары жедел жарияланатын болады», - деп жазды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.

Оқырмандар ұсыныс-тілектерін aqparatqogam@gmail.com поштасына жолдай алады.

«Оларды, біз, міндеті түрде күнделікті жұмыс барысында ескеретін боламыз», делінген хабарламада.