ҚР ДСМ үш ұшақтың жолаушыларын іздестіріп жатыр

0
607

14 жолаушы Қазақстанның өзге өңірлеріне кетіп үлгерген.


ҚР ДСМ үш ұшақтың жолаушыларын іздестіріп жатыр

ERNUR.KZ. Миланда коронавирус жұқтырып, елге оралған әйелмен бір бортта болған жолаушылар толық анықталды, деп жазады 24.kz.

Қазір 53 адам елордадағы стационарда. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді.

Мәскеу - Нұр-Сұлтан әуе рейсімен 89 адам келген. Оның – 42-сі қазақстандық, 42 жолаушы ресейлік, қалған 4 адам Нидерланд, АҚШ, Австралия мен Украина азаматтары.

14 жолаушы Қазақстанның өзге өңірлеріне кетіп үлгерген. Қазір аймақтарда оларды оқшаулау жұмыстары жүріп жатыр. 21 адам Ресейге ұшып кеткен. Жалпы қазір Нұр-Сұлтан мен Алматыға ұшып келген 3 ұшақтың жолаушылары іздестіріліп жатыр.

Жауапты мамандар 10 наурыз күні сағат 02.45-те Франкфурт - Нұр-Сұлтан - Алматы бағытымен, сол күні Варшава - Нұр-Сұлтан әуе рейсімен, 12 наурыз күні сағат таңғы 06.10-да Мәскеу - Нұр-Сұлтан бортымен келген жолаушылардың 1406 нөміріне хабарласуын сұрап отыр.

"Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 54 жолаушының 53-і елордадағы стационарларға жатқызылған. РФ-ның бір азаматы дипломатиялық ранг пен РФ елшілігінің нота беруіне байланысты елшілік аумағында қалды. Яғни 57 адам ауруханаға толығымен жатқызылды. Толыққанды лабораториялық жұмыс жүргізілді. Нәтиже тексерілуде", дейді Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.