ҚР ІІМ Кинологиялық орталығының бастығы екі жылға бас бостандығынан айырылды

0
620

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


ҚР ІІМ Кинологиялық орталығының бастығы екі жылға бас бостандығынан айырылды

ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ІІМ Кинологиялық орталығының бастығы А. Болғымбаеваға қатысты лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп жазады zakon.kz.

Ведомствоның мәлімдеуінше, А. Болғымбаева 2021-2022 жылдары қарамағындағылардан жалпы сомасы 1 675 000 теңге болатын сыйлықақы ретінде ақшалай алым алды деген күдікке ілінген.

"19 мамыр күні Алматы қаласы бойынша Түрксіб аудандық сотының үкімімен А. Болғымбаева мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды", - деп жазады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.