ҚР ІІМ комитеті төрағасының орынбасары қызметінен қуылды

0
2 883

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды


ҚР ІІМ комитеті төрағасының орынбасары қызметінен қуылды

ERNUR.KZ. Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Бекболат Төремұратов қызметінен қуылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі - ресми өкіл Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, 6 наурызда Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының ведомствоаралық жедел тергеу тобы облыстық полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірге ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің бірінші орынбасары Бекболат Төремұратовты ұстаған.

«Аталған факті бойынша министрлікте қызметтік тексеру жүргізіліп, оның нәтижесі ІІМ тәртіптік комиссиясының отырысында қаралды. Төремұратов бірауыз шешіммен қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны, құқық қорғау органдарына кір келтіретін әрекет жасағаны үшін ішкі істер органдарынан шығарылды. Сонымен қатар оның тікелей бастығы Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деді Н.Ораз.