ҚР ІІМ тергеу департаментінің бастығы тағайындалды

0
1 453

С.Әдилов 1977 жылы дүниеге келген, ішкі істер органдарында 1999 жылдан бастап қызмет етеді.


ҚР ІІМ тергеу департаментінің бастығы тағайындалды

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ІІМ басшылық құрамына Тергеу департаментінің жаңа бастығын таныстырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Әділов Санжар Аскенұлы тағайындалды.

С.Әдилов 1977 жылы дүниеге келген, ішкі істер органдарында 1999 жылдан бастап қызмет етеді. Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол.

Әр жылдары құқық қорғау органдарының (Ішкі істер және қаржы полициясы) тергеу бөлімшелерінде, ІІМ Тергеу департаментінде жұмыс істеген. 2013 жылдан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары полиция департаменттері бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Министр Министрліктің орталық аппараты қызметінің бастықтарына Президенттің қылмысқа қарсы күрес, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қойған міндеттері туралы атап өтті.

"Дәл осы тергеу бөлімшелері қылмыстың жедел және толық ашылуы мен тергелуін, азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуын, сондай-ақ жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз етуі тиіс", - деп атап өтті министр Ерлан Тұрғымбаев.