ҚР Ішкі істер министрі Интерполдың бас хатшысымен кездесті

0
1 073

Интерполдың бас хатшысы Е.Тұрғымбаевқа қабылдау мен кездесу үшін алғыс білдірді.


ҚР Ішкі істер министрі Интерполдың бас хатшысымен кездесті

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Интерпол – Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының Бас хатшысымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерлан Тұрғымбаев пен Юрген Шток Қазақстан ІІМ мен Интерполдың арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту, сондай-ақ халықаралық терроризм, экстремизм және трансұлттық қылмыс тарапынан жаңа сын-қатерлерге қарсы іс-қимылда тиімді өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Қазақстанның Интерполға кіруі және ІІМ құрылымында Ұлттық орталық бюро құруы шетелдік әріптестермен іс жүзінде осы Ұйымға кез келген қатысушы мемлекетпен, оның ішінде қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шарттары жоқ елдермен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік берді.

«Шетелдік әріптестермен белсенді қарым-қатынастың арқасында біз айтарлықтай табыстарға қол жеткіздік, соның ішінде қылмыскерлерді іздестіруде қолдауға ие болдық. Ағымдағы жылы ғана Қазақстаннан тыс жерлерде 66 қылмыскер және 2 із-түссіз жоғалып кеткен адам анықталды», - деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.

Сонымен қатар, Министр мен Бас хатшы қазақстандық ведомствоның ШЫҰ, ҰҚШҰ, БКБОП, ЕҚЫҰ және т. б. сияқты өңіраралық ұйымдармен көпжақты ынтымақтастығын талқылады.
Сөз соңында Ю. Шток Е.Тұрғымбаевқа қабылдау мен кездесу үшін алғысын білдірді, сондай-ақ екіжақты өзара іс-қимылдың одан әрі артатындығына сенім білдірді.